Екібастұзда жол жүру ақысы қымбаттайды

Қазіргі таңда Екібастұзда 10 маршрут бар — күн сайын 50-ден астам автобус рейске шығады.

Бұған дейін жол жүру ақысы 55 теңге болған. Екібастұз ТКШ бөлімінің ресми хабарламасында «2018 жылдың 1 наурызынан бастап қалалық қоғамдық көліктегі жол ақысының тарифі — 65 теңге болады, сондай-ақ жеке санаттағы азаматтар үшін және зейнеткерлер, 3-топтағы мүгедектер, көп балалы аналар үшін — 32 теңгені құрайды» делінген.

Айта кетейік, мектеп оқушылары (1-11 сыныптар) жол ақысының тек жартысын — 32 теңге төлейді.

ДереккөзInform.kz