Екібастұздық оқушы қыз таэквондодан Әлем кубогінде чемпион атанды

Қазақстан Республикасының намысын Павлодар облысының ITF таэквондо федерациясының төрт спортшысы қорғады. Олар  Рүстам Нұров, Гүлжамал Мырзахан, Әли Узханов, Алина Самбуева. Бұл спортшылардың барлығы  Екібастұз қаласы 1-БЖСМ таэквондо бөлімінің аға-жаттықтырушысы Азамат Шакиловтың тәрбиеленушілері.

Жарыстың қорытындысы бойынша №21 мектептің 10-сынып оқушысы Әли Узханов 45 келі салмақ дәрежесінде, 14-15 жастағы жасөспірімдер арасында күміс жүлдегер атанды. Ол 7 жылдан бері спортпен шұғылданады. Бір ай бұрын Қазақстан Республикасының спорт шебері атанған.

Спорттың бұл түрімен небәрі 3 жыл айналысқан Әлина Самбуева тұғырдың екінші сатысына көтерілді. Ол №2 мектептің 5-сынып оқушысы. Ал Рүстам Нұров 35 келі салмақ дәрежесінде кадеттер арасында жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Спортшы №24 мектептің 7-сыныбында білім алып жатыр. Таэквондомен 4 жылдан бері айналысады.

Сондай-ақ, Гүлжамал Мырзахан 2017 жылғы Әлем кубогінде чемпионы атанды. Өткен жылы ол бірінші орынды иемденген болатын. Гүлжамал — Абай Құнанбаев атындағы №2 мектептің 7-сынып оқушысы. Спорттың бұл түрімен 7 жылдан бері айналысып келеді.

Дереккөзbaq.kz