Басты бетЭкономикаҚазақстанда ең...

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады?

ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, Қазақстанда қаржы және сақтандыру (316,1 мың теңге, +0,1%), ғылыми-техникалық (303,3 мың теңге, -7,3%), ақпарат және байланыс (249,3 мың теңге, +7,4%) саласындағы қызметкерлердің жалақысы жоғары екені анықталды.

Жалақысы көтерілгендердің ішінде орман шаруалары (162 мың теңгеге дейін, +17%) мен құрылысшылар (218,1 мың теңгеге дейін, +15,7%) да бар.

Head Hunter компаниясының маркетинг және PR директоры Динара Рахимжанованың айтуынша, елімізде сауда саласындағы қызметкерлерге деген сұраныс арта береді. Сонымен бірге қаржыгер, бухгалтер, маркетинг, әкімшілік басқару, IT-мамандарына да сұраныс жоғары.

2017 жылдың қорытындысы бойынша, жұмыс істейтін қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 149,7 мың теңге болған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 5,1%-ке көп. Дегенмен, жалақының сатып алу қабілеті жыл өткен сайын төмендеп барады. Ол: 2017 жылы -2,1%, 2016 жылы -1,1%, 2015 жылы -2,3% құраған.