Аллергиядан қалай сақтануға болады?

Аллергияның пайда болуының негізгі себептері төмендегідей:

  • терімен әрекеттесетін сыртқы аллерген (жануарлардың жүні, шаң, өсімдік ұрықтары, химиялық заттар, косметикалық бояулар, т.б.)
  • азық-түлікпен бірге ас қорыту жүйесіне түсетін ішкі аллерген (дәрілер, сусындар, тағам қоспалары, т.б.)

Аллергия балаларға қалай әсер етеді?

Кішкентай балаға сиыр сүті, сары май, ірімшік, балмұздақ, т.б. жегізуге болмайды. Өйткені, аллергия тудыратын казеин ақуызы аталған тағамдардың құрамында өте көп.

Аллергия
Көрнекі сурет

Жұмыртқаны ас мәзірінен мүлдем алып тастаған жөн. Оның орнына балық, ет, ас бұршақты қолдануға болады.

Жаңғақтың барлық түрлері өте қауіпті аллерген болып табылады. Себебі жаңғақ көптеген азық-түлік құрамында жасырын түрде кездеседі. Мысалы, шоколад, балмұздақ, кәмпит, т.б. Мұның бәрі ағзада аллергия тудырады.

Негізгі белгілері қандай?

Аллергия адамның жасына және иммуниетіне қарай түрліше әсер етеді. Егер төмендегі белгілер байқалса, дереу дәрігерге көрінген дұрыс.

  • терідегі бөртпе, сондай-ақ қышу, ісіну немесе ашытып күю;
  • ауыз қуысындағы шырышты қабықтың ісінуі;
  • аллергиялық ринит (мұрынның бітелуімен, түшкірумен және шырышты бөлінділермен көрінеді);
  • жөтел (кейде қақырықпен);
  • тұншығу (көмейдің ісінуінен туындаған);
  • жасаураған және қызарған көздер;
  • жүрек айнуы мен құсу, қан мен шырышты қоспасы бар іш өту;
  • іштің ауыруы;
  • еріннің шаншып ауруы;
  • қолдың ісінуі;
  • тыныстың тарылуы.

Алдын алу үшін:

Кез-келген ауруды емдегеннен оның алдын алған жөн. Сол үшін төмендегі сақтық шараларын есте ұстау керек:

  • баланың бөлмесін күн сайын жинау керек. Перделер, кілемдер, жұмсақ жиғазды тазалауды ұмытпаңыз.  Төсек-орын тыстарын және ойыншықтарды аптасына бір рет 60-90 градуспен жуу керек.
  • үй жануарларымен қарым-қатынасты азайту. Егер баланың жануарлардың жүніне аллергиясы болса, ол анафилаксиялық шокқа әкеп соғу мүкін.
  • үйдің ауа ылғалдылығын сақтау. Үйдің ауасы тым құрғақ болса, ол мұрынның шырышты қабығын құрғатып жіберіп, жиі түшкірудің себебі болады.
  • жылына бірнеше рет үйді жәндіктерден және түрлі микроағзалардан қорғайтын арнайы препараттармен өңдеген дұрыс.
  • шаң жинайтын тұрмыстық нәрселерден құтылыңыз. Олар тек шаң жинап қоймай, кенелердің пайда болуына қолайлы орта жасайды.
  • баланы шамадан тыс тамақтандырмаңыз. Бала ағзасы тым үлкен тағам мөлшерін қорыта алмағандықтан, асқазан оны жат дене деп қабылдауы мүмкін.
Жеміс-жидек шырыны
©hronika.info

Аллергиядан зардап шегетін адам негізінен көкөністер мен цитрусты жемістерге шектеу қойғаны жөн. Сондай-ақ, шоколад, кофе, какао, қант, тұздалған қытырлақ нандар (чипсы, кириешки) және теңіз өнімдері де сырқатты қоздырады. Есесіне, су, сүт өнімдерін, қырыққабатты күнделікті ас мәзірге қосып қойған дұрыс.

Айта кетейік, шөптен және тағамнан ғана емес, жәндіктердің шаққандағы уына да аллергия болады. Ал егер өзіңізден өзгеше белгілерді аңғарсаңыз, мысалы, бетіңіз қызарып, теріңіз құрғап кетсе, әлде мұрныңыздан су ағып, көзіңіз жасаураса, дереу дәрігерге көрінгеніңіз абзал.