Қазақстанда қоршаған орта туралы телеарна ашылады

«Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртайдың айтуынша, арнаның негізгі контенті жастарға бағытталған.

«Неліктен жастарға екенін де айта кетейін. Жастар мен жасөспірімдер экология тақырыбымен жиі айналысады әрі белсенді болып келеді. Оларды осы мақсатқа тереңірек баулысақ жақсы нәтиже береді деп ойлаймыз», — деді Азаматxан Әміртай.

Қазіргі уақытта арнаның ашылуына қажетті барлық жағдай жасалған.

ДереккөзInform.kz