Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Атап айтқанда, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерін тұман басып, желдің күші 15-23 м/с артады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз жекелеген жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұман күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болжанады, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.