Бүгін тұман түсіп, көктайғақ болады

Республиканың батыс аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 24-29 м/с сақталады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, жел күшейіп, 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында ауа райының бұзылуы әсерінен көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарында жаяу бұрқасын, Ақтөбе облысының кей жерінде тұман түседі.

Атырау облысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.