Асылжан Мамытбеков ет одағының төрағасы қызметіне тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында:

«Ол Қазақстанның ет одағының төрағасы болып тағайындалғаны туралы ақпарат бар. Біз қазіргі кезде барлық салалық одақтармен әрі бірлестіктермен тығыз жұмыстарды бастадық. Осы орайда олармен бірлесе, салада қордаланған мәселелерді шешуге тырысудамыз», — деді.

Оның сөзіне қарағанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі жобалық кеңсені немесе ашық алаңды құруда. Оған сарапшылар мен бизнесмендер тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, Асылжан Мамытбеков министр лауазымында 2011 жылдың сәуірінен 2016 жылдың мамыры аралығында болды. Сол жылдың маусым айында Астана банкінің тәуелсіз директоры болып сайланып, 2017 жылғы желтоқсанның аяғында директорлар кеңесінен кетті.

ДереккөзInform.kz