«Эйр Астана» Inmarsat Global Xpress (GX) жоғары жылдамдықты жүйесін «Боинг-767» ұшақтарында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап орнатады. Сөйтіп әуекомпания GX жүйесін енгізген әлемдегі алғашқылардың бірі болады.
«Клиентке бағдарланған әуекомпания бола тұра «Эйр Астана» жолаушыларға сервисті жерде және әуеде жетілдіруге ұмтылады. Біз GX жүйесі клиенттерімізге қамтамасыз ететін ғаламторға қолжетімділіктің жаңа мүмкіндіктеріне қуныштымыз», — дейді «Эйр Астананың» инженерлік-техникалық бөлімінің коммерциялық мәселелер жөніндегі менеджері Андрей Гулев. Барлық ұсыныстарды мұқият талдауынан кейін «Эйр Астана» Rockwell Collins компаниясын таңдады, өйткені ол біздің мұқтаждықтарымызға бейімделген экономикалық тиімді шешім ұсынды».
«GX Aviation қызметі «Эйр Астана» мен тұтынушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, — дейді Джеф Стандерски, Rockwell Collins компаниясының ақпараттық қызметтерін басқару жөніндегі аға вице-президенті. «Эйр Астана» жолаушылары әлемде аз ғана адамдарға қолжетімді борттағы ең жылдам және сенімді ғаламтормен пайдалана алады. Бұл қызмет «Эйр Астанаға» бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерді ұсынатын сервисті жақсартуға жағдай туғызады».
Жаңа қызмет бизнес және эконом кластың жолаушыларына «Боинг-767» барлық үш лайнерлерінде қол жетімді болады. Сөйтіп оларға ғаламторды қосуға, лезде хабарламаларды жіберу бойынша түрлі бағдарламаларды пайдалануға және поштаны тексеруге мүмкін болады. Тұңғыш ұшаққа ғаламторды орнату 2016 жылдың қыркүйегінде басталады, қалған екеуіне – 2017 жылдың наурызында және қыркүйегінде.