Қазақстан мен Грузия ойыны 6 қыркүйекте өтеді

Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Грузияға қарсы ойынмен бастайды. Қос құрама арасындағы ойын 6 қыркүйек күні Қазақстанда өтеді.

Топтық кезеңдегі ойындар жыл соңына дейін аяқталады.

6 қыркүйек: Қазақстан — Грузия
10 қыркүйек: Андорра — Қазақстан
13 қазан: Латвия — Қазақстан
16 қазан: Қазақстан — Андорра
15 қараша: Қазақстан — Латвия
19 қараша: Грузия — Қазақстан

Айта кетейік, Ұлттар лигасы халықаралық футбол күнтізбесіне сәйкес, әр екі жыл сайын өтетін болады. Жарыстың мақсаты – ұлттық құрамалар деңгейінде футболдың өркендеуі мен ресми ойындардың санын арттыру. Бұл жарысқа УЕФА құрамына кіретін 55 елдің футбол қауымдастығының құрамалары қатысады.

ДереккөзKaz.vesti.kz