Әлемдегі ең қымбат футболшылардың ондығы анықталды

Рейтингте Париждің ПСЖ клубының бразилиялық легионері Перес Неймар көш бастап тұр. Оның трансферлік құнын 213 миллион еуроға бағалаған. Неймардың былтырғы құны бұдан да жоғары болғанын еске сала кеткен жөн.

Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде екінші орынға Лионель Месси жайғасты. «CIES» аргентиналық шабуылшының құнын 202,2 миллион еуроға бағалаған. «Барселона» көшбасшысының құны былтырғыдан (170,5 миллион еуро) айтарлықтай өскен.

Үштікті «Тоттенхэм» шабуылшысы Харри Кейн түйіндеп тұр. Оның трансферлік құны 194,7 миллион еуро көлемінде.

Мадридтік «Реалдың» үздік шабуылшыларының бірі Криштиану Роналду бұл рейтингте бар болғаны 49-орынға жайғасқан. «CIES» португалдық шабуылшы өзге командаға ауысар болса 80,4 миллион еуроға бағаланады деп топшылап отыр. Өткен жылы португалдық ойыншы 7-орында (126,5 миллион еуро) болатын.

Олай болса әлемдегі ең қымбат футболшылардың ондығымен таныс бола отырыңыздар.

  • 1. Неймар (ПСЖ) – 213 миллион еуро;
  • 2. Лионель Месси («Барселона») – 202,2;
  • 3. Харри Кейн («Тоттенхэм») – 194,7;
  • 4. Килиан Мбаппе (ПСЖ) – 192,5;
  • 5. Пауло Дибала («Ювентус») – 174,6;
  • 6. Деле Алли («Тоттенхэм») – 171,3;
  • 7. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити») – 167,8;
  • 8. Ромелу Лукаку («Манчестер Юнайтед») – 164,8;
  • 9. Антуан Гризманн («Атлетико» Мадрид) – 150,2;
  • 10. Поль Погба («Манчестер Юнайтед») – 147,5.
ДереккөзMassaget.kz