Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшісі Айымдос Бозжігітов, Қазақстанның Талас облысындағы құрметті консулы Сабырбек Жұмабеков, Қырғызстан Үкіметінің өкілетті өкілі – Талас облысының губернаторы Марат Мұраталиев қатысты.
Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Сабырбек Жұмабековке оны Қазақстанның Талас облысындағы құрметті консулы деп тану туралы экзекватураны 2014 жылғы желтоқсанда табыс еткен болатын. Ол қазіргі кезде Қырғызстанның Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына басшылық етеді.
Айта кетейік, құрметті консулдың жұмысы Талас облысының барлық аумағын қамтиды.