Қырғызстанда Қазақстанның құрметті консул кеңсесі ашылды

Салтанатты рәсімге Қазақстан Рес­­публикасының Қырғыз Респуб­ликасындағы елшісі Айымдос Боз­жі­гітов, Қазақстанның Талас облы­сын­дағы құрметті консулы Сабырбек Жұмабеков, Қырғызстан Үкіметінің өкі­лет­ті өкілі – Талас облысының губерна­торы Марат Мұраталиев қатысты.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Сабырбек Жұмабековке оны Қазақстанның Талас облысындағы құр­метті консулы деп тану туралы экзекватураны 2014 жылғы желтоқсанда табыс еткен болатын. Ол қазіргі кезде Қыр­ғыз­станның Травматология және ор­топедия ғылыми-зерттеу орта­лы­ғына басшылық етеді.

Айта кетейік, құрметті кон­сул­дың жұмысы Талас облысының бар­лық аумағын қамтиды.

ДереккөзEgemen.kz