Басты бетЖаңалықтарАлматы зообағында...

Алматы зообағында «Қызыл кітапқа» енген тағы бір жыртқыш өлуі мүмкін

«Өткен жылы да Құралай қар барыстары сияқты өкпе қабынуы аурумен ауырып, емделіп шыққан болатын. Бірақ, биыл ауру қайталанды. Біз үздік мамандардың басын қосып, консилиум жинап жатырмыз. Әзірге ештеңе айта алмаймын», — деді Қ.Кәрімов.

Хайуанаттар бағында директоры соңғы 3 жылда мысықтұқымдастардың қатары сиреп жатқанын мойындады.

Еске сала кетейік, 2009-2014 жылдары Алматы зообағында 6 қар барысының ажал құшқаны жақында белгілі болған еді. Олардың барлығы өкпенің қабынуы дертінен көз жұмған.

Өз кезегінде мекеме басшылығы жануарлардың жерсінуі үшін ыңғайлы жағдай жасалмағанын айтып ақталды.

Дереккөзnur.kz