Қыс мезгілінде көлігіңізді бұзылудан сақтау үшін мына нәрселерге аса мән берген жөн:

  • Аккумулятор;
  • Май фильтрі;
  • Антифриз;
  • Бензин мен су;
  • Дөңгелек;
  • Тежегіш жүйесі.
Автокөлік күтімі
©Baribar.kz

Аккумулятор мен электроника

Айдың-күннің аманында дұрыс жұмыс жасамайтын аккумулятор қуаттағышы қыста сізді әуреге салары сөзсіз. Сондықтан, ескі аккумуляторды күн жылы мезгілде ауыстырып алғаныңыз жөн. Ал жаңа аккумулятор тез тозбас үшін көлік электроникасын реттеуіңіз керек. Ол үшін арнайы көлік жөндеу маманымен кеңескен жөн. Аккумулятор қуатын үнемі тексеріп отырмасаңыз, темір тұлпарыңыз қақаған қыста жолда қалдыруы мүмкін.

Май

Егер көлік майы азайған кезде толтырып немесе уақытында ауыстырып отырмасаңыз көлігіңіз мәңгілікке істен шығуы мүмкін. Күн суықта қиындық тудырмас үшін майды да қыстың алдында ауыстырып алғаныңыз абзал. Автокөлікте май фильтрі үлкен маңызға ие. Сондықтан, маймен қоса май фильтрді де тазалап, ауыстырып алыңыз.

Антифриз

Антифриз Еуропадан келген шетелдік көліктер үшін аса маңызды. Антифриз көліктің қатып қалмауын қамтамасыз етеді. Оны нұсқаулықта көрсетілген мезгіл аралығында ғана пайдаланыңыз. Себебі, ұзақ жүрген антифриз өзінің құрамын өзгертіп, көлікке зардабын тигізуі мүмкін.

Автокөлік күтімі
©veddro.com

Жанармай мен су

Көлікті қысқа дайындау процесі кезінде жанармай мен су құятын бакты тазалап алу керек. Бакта қоқыс пен бөгде заттардың болуы су мен жанармайдың сапасына әсер етеді. Көлік тізгіндеп жүргендер суды да, жанармайды да жиі жаңартады. Су мен жанармайдың сапасына мән берген дұрыс.

Дөңгелектер

Көлік дөңгелегінің мезгілге байланысты өзгеруі автокөлік басқарып жүргендерге мәлім. Қыс мезгіліне арналған дөңгелектер қалың, тежеу жүйесіне ыңғарлы, бұдыр болып келеді. Қарлы, мұзды жолдың бетінде жазғы дөңгелекпен жүру табаны тайғақ аяқ киіммен сырғанағанмен бірдей. Сондықтан, дер кезінде маусымға байланысты дөңгелектерді ауыстырып отырыңыз.

Тежеу жүйесі

Қыс мезгілінде болатын қолайсыздықтар мен жол апатының 90 пайызы тежеу жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Қыста ауа райына байланысты көктайғақ болатыны белгілі. Әсіресе, бұрылыстар мен тоқтау жолдарында сақ болу керек. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, қыста тежеу жүйесін тексерістен өткізіп қойғаныңыз абзал.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!