Аяз болғанда автотұрақ шлагбаумдарының қызметінде ақау шығуы мүмкін. Осыған байланысты оларды алып, автотұрақты тегін әрі ашық қалдыру ұсынылған. Бұл жолаушылардың уақытын үнемдеу мақсатында қолға алынды.
Бұл өзгерістердің қала әуежайындағы жабық тұрақтарға қатысы жоқ. Ондағы қызмет ақысы түскі сағат 12-ге дейін 1 400 теңге, 12.00-00.00 аралығында — 2 000 теңге, келесі тәулікке дейін — 1 800 теңгені құрайды.