Биыл Қазақстанда вирустық гепатитті емдеуге арналған препараттардың қолжетімділігі алдыңғы жылдармен салыстырғанда 3,6 есеге артты.
Вирустық гепатиттің емі үшін Бірыңғай дистрибьютор жыл сайын Пэгинтерферон альфа 2b және Рибавирин препарттарын сатып алады. 2018 жылы Тенофовир препараты вирустық гепатитті емдеу үшін сатып алынады. Ол ЮНИСЕФ халықаралық ұйымымен жеткізілім туралы шарттың шеңберінде әкелінеді.
Бұдан басқа, 2018 жылғы тегін дәрімен қамтамасыз ету тізіміне C вирусты гепатитін емдеудің заманауи хаттамаларына сәйкес Софосбувир және Даклатасвир жаңа атаулары енгізілді. Олар елімізге БҰҰ Даму бағдарламасының аясында жеткізілмек.
Сондай-ақ биылғы жылы созылмалы гепатит B вирустық инфекциясының алдын алу үшін және оның ауыр зардаптары, соның ішінде бауыр циррозы және гепатоклеткалы ракқа қарсы 445 400 доза вакцина сатып алынды. Балаларды ерте жастан В вирустық гепатитке қарсы вакцинациялау ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді.