22 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгін Республиканың басым бөлігінде қар жаумайды, тек елдің батысында, солтүстік-батысында аздаған қар түсуі мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында қатты аяз, бұрқасын болады.

Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей аумақтарын тұман басса, Атырау облысында тұман мен көктайғақ болады.