«Жетім балаларды асырап алғандар жылына 2,1 млн теңге табыс шегінде табыс салығын төлеуден босатылады», — деді Руслан Дәленов Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, табыс салығынан ата-ананың тек біреуі ғана әр жыл сайын босатылады. Аталған норма еліміздегі барлық бала асырап алушыларға қатысты.
«Мүгедек болып қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік (орта есеппен 9 мың теңге) болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты», — деді Руслан Дәленов.