Бала асырап алғандар табыс салығынан босатылады

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтің мәлімдеуінше, жетім балаларды асырап алғандар енді табыс салығынан босатылады.  

Сәби балалар үйі
Көрнекі сурет

“Жетім балаларды асырап алғандар жылына 2,1 млн теңге табыс шегінде табыс салығын төлеуден босатылады”, — деді Руслан Дәленов Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, табыс салығынан ата-ананың тек біреуі ғана әр жыл сайын босатылады. Аталған норма еліміздегі барлық бала асырап алушыларға қатысты.

Мүгедек болып қалған баланың ата-анасының біріне жер салығы, тіркеу алымы, мемлекеттік баж бойынша жеңілдік (орта есеппен 9 мың теңге) болады. Бұл 76 мың азаматқа қатысты”, — деді Руслан Дәленов.