19 қаңтар: бірнеше облыста оқушылар сабаққа бармайды

Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, батыста және оңтүстік шығыста желдің күшеюі  ықтимал, батыста сондай-ақ көктайғақ болжанады.

Алматы облысының  кей жерлерін тұман басады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Ауа райына байланысты Қостанайда 0-6 сыныптарда бірінші ауысым сабақтары болмайды. Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы 26 градусқа дейін төмендейді. Ал түнде Қостанай облысында ауа температурасы -28 градусқа дейін суытады деп күтілуде.

Сондай-ақ Оралда аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды. Бүгін таңертең облыс орталығында температура тілі 26 градус аязды көрсетті. Осыған байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сыныптарда сабақ болмайды.