Басты бетЖаңалықтарОңтүстікте дәрілер...

Оңтүстікте дәрілер бағасы тұрақты болмақ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Даму» фармацевтикалық және медициналық қызметкерлер қауымдастығы арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімдігінде өткен шараға 40 фармацевтикалық ұйым басшысы қатысты. Нәтижесінде, отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруші компаниялар мен шетелдік тауарлардың ресми дистрибьюторлары 150 дәрілік заттың бағасын жыл соңына дейін көтермейтін болып келісті.

Айта кетейік,меморандумға сәйкес, аталмыш 150 препараттың ішінде әлеуметтік маңызы зор 13 препараттың бағасы едәуір төмендетіледі.

ДереккөзInform.kz