Алматы облысында өткен жылы 1 656 518 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Жалпы Алматы облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жаңа моделі қалыптасуда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижелі, тұтынушыға бағдарланған, жоғары сапалы және қолжетімді болуын іске асырудағы мәселелер бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда.

Соның ішінде Департаментпен көші – қон қызметіне қатысты бірнеше бастамалар қолға алынып жұмыс жүргізілуде. Біріншісі, «бір терезе» қағидасына сәйкес көші – қон қызметінің фронт-офисін құру; екіншісі, ХҚКО-да шоғырланған көші – қон қызметі бөлімшелерінің жұмыс кешкі сегізге дейін ұзарту; үшіншісі, көші – қон қызметімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатаң бақылау жүргізу.

«2017 жылы Департаментпен Алматы облысының ішкі-істер органдарымен 158 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдері бұзылғандығы анықталған. Анықталған заң бұзушылық фактілерінің 17-сі көші-қон қызметіне қатысты болған. Жоғарыда аталған фактілер бойынша тиісті ұсынымдар жолданып, нәтижелер бойынша өз қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қараған үшін 5 көші-қон қызметі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деді Ж.Андабеков.

Сонымен қатар, көші–қон қызметіне қатысты азаматтардың 3 өтініші қаралып, тексеру барысында өтініште баяндалған уәждер өз дәлелін тапқандығы белгілі болды.