Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жууға болмайтын және міндетті түрде жуу қажет 3 өнім

© kololk.com

Жууға болмайтын өнімдер

1. Тауық еті
Көп адам ас әзірлеуден бұрын етті міндетті түрде жуу керек деп есептейді. Бұл бактерияларды жояды-мыс. Шындығында, тауық етін жуу кезінде оны ешқандай бактериядан тазарта алмайсыз. Керісінше, сумен шашыраған зиянды заттар раковинаға, ыдыстарға жұғып қалады. Тауық етінде болатын, ең көп тараған бактерия «сальмонелла» деп аталады. Оның себебінен диарея, іш аурулары, қызудың көтерілуі тәрізді аурулар пайда болады. Бұл симптомдар 4 күннен 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Мұндай зиянкес бактериялар 165 градусқа дейінгі температурада өздігінен жойылады. Сол себепті тауық етін жуудың қажеті жоқ.

2. Жұмыртқа
Фабрикадан шыққан жұмыртқаның қабығын қорғаныс қабатымен қаптайды. Бұл қабат оны бактериялардан қорғайды әрі басқа азық-түліктерге тараудан сақтайды. Сол себепті де жұмыртқаны жуудың қажеті жоқ, зиян болуы мүмкін.

3. Балық 
Тауық етіндегі тәрізді балықты да сумен жуып, бактериялардан тазарта алмайсыз. Керісінше кеңінен таралуына жағдай жасайсыз.

Міндетті түрде жуу керек азық-түліктер

1. Банкаларды ашардан бұрын
Консервілерді жумай тұрып ашпаңыз! Банкалардың қақпағында бірнеше қабатты шаң мен көзге көрінбейтін микроорганизмдер болады. Оларды сумен кетірмей ашатын болсаңыз, зиянкестер тағамыңызға түсуі бек мүмкін. Бұл улану мен гельминтоз ауруына алып келеді.

Сондай-ақ консерванттардан тазарту мақсатында банканың ішінде болған тағамды да жуу артық болмас.

2. Қабығымен бірге желінетін жеміс-жидектер
Жеміс-жидектерді жуу арқылы бактерияларды ғана кетіріп қоймайсыз, супермаркет, базарларда оларға жағылған консерванттардан да арылтасыз. Жуылған жеміс-жидекті сүртіп, кептіріп барып жеуді де ұмытаңыз.

3. Қабығы аршылатын жеміс-жидектер
Банан, қауын, лимон, апельсин тәрізді сырты алынатын жеміс-жидектердің де сыртын жуу керек екенін ескеріңіз. Оларды турау кезінде бактериялар жемістің жұмсағына да таралуы мүмкін.

Мақалаға реакция

15 Пікір

  1. Д
    Дана 8 жыл бұрын
    Тауық пен балықты жууға болмайды дегенді бірінші рет естіп отырмын. :алпы мен не тамақ истесем де алдында жуып алам.
    1. А
      Арайка 8 жыл бұрын
      Мен де солай ойлайм
  2. А
    Айка 8 жыл бұрын
    балықты жумай қалай жейді адам?!
    1. Д
      Досын 8 жыл бұрын
      Солго
    2. А
      Аноним 8 жыл бұрын
      Піскен балықты аитқан шығар
  3. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    Балыкти жумай калай жыйсын канимен бырге куырасынба сонда
  4. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    Отирик пикир. Акымак та олай ойламайды жазган адам озин солай жи бер
  5. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    Адам балықты жумай жемейді
  6. Р
    Рахила 8 жыл бұрын
    Балык пен тауык неше колдан отеды сонда казак арам адалды ажыратпай жей береме
  7. А
    Альмира 8 жыл бұрын
    Жумай калай тамак істейді жиіркеніштіғой
  8. А
    Арайлым 8 жыл бұрын
    Балыкты калай жумай жисин жиркеништи го биз жуамыз
  9. А
    Аноним 8 жыл бұрын
    только раковинага емес ыдыска куйып жууга болады гой
  10. К
    Көбейсін 8 жыл бұрын
    Қазаққа жау қалықтың жазған пікірі емеспе мыналар.
  11. E
    elmira 8 жыл бұрын
    жұмыртқаны жууда өте маңызды.олда сырты ашылатын жемістер сияқты.
  12. Г
    Гуля 8 жыл бұрын
    Оттаған екен.кім жазсада. Не жесекте жуып жеу керек. Тазалыкты өзіміз сақтамасақ болмайды.