Жууға болмайтын және міндетті түрде жуу қажет 3 өнім

Жууға болмайтын азық-түліктердің бар екенін білесіз бе? Назарларыңызға жууға болмайтын және міндетті түрде жууды қажет ететін үш өнімді ұсынамыз.

Жууға болмайтын өнімдер

1. Тауық еті
Көп адам ас әзірлеуден бұрын етті міндетті түрде жуу керек деп есептейді. Бұл бактерияларды жояды-мыс. Шындығында, тауық етін жуу кезінде оны ешқандай бактериядан тазарта алмайсыз. Керісінше, сумен шашыраған зиянды заттар раковинаға, ыдыстарға жұғып қалады. Тауық етінде болатын, ең көп тараған бактерия «сальмонелла» деп аталады. Оның себебінен диарея, іш аурулары, қызудың көтерілуі тәрізді аурулар пайда болады. Бұл симптомдар 4 күннен 7 күнге дейін созылуы мүмкін. Мұндай зиянкес бактериялар 165 градусқа дейінгі температурада өздігінен жойылады. Сол себепті тауық етін жуудың қажеті жоқ.

2. Жұмыртқа
Фабрикадан шыққан жұмыртқаның қабығын қорғаныс қабатымен қаптайды. Бұл қабат оны бактериялардан қорғайды әрі басқа азық-түліктерге тараудан сақтайды. Сол себепті де жұмыртқаны жуудың қажеті жоқ, зиян болуы мүмкін.

3. Балық 
Тауық етіндегі тәрізді балықты да сумен жуып, бактериялардан тазарта алмайсыз. Керісінше кеңінен таралуына жағдай жасайсыз.

Міндетті түрде жуу керек азық-түліктер

1. Банкаларды ашардан бұрын
Консервілерді жумай тұрып ашпаңыз! Банкалардың қақпағында бірнеше қабатты шаң мен көзге көрінбейтін микроорганизмдер болады. Оларды сумен кетірмей ашатын болсаңыз, зиянкестер тағамыңызға түсуі бек мүмкін. Бұл улану мен гельминтоз ауруына алып келеді.

Сондай-ақ консерванттардан тазарту мақсатында банканың ішінде болған тағамды да жуу артық болмас.

2. Қабығымен бірге желінетін жеміс-жидектер
Жеміс-жидектерді жуу арқылы бактерияларды ғана кетіріп қоймайсыз, супермаркет, базарларда оларға жағылған консерванттардан да арылтасыз. Жуылған жеміс-жидекті сүртіп, кептіріп барып жеуді де ұмытаңыз.

3. Қабығы аршылатын жеміс-жидектер
Банан, қауын, лимон, апельсин тәрізді сырты алынатын жеміс-жидектердің де сыртын жуу керек екенін ескеріңіз. Оларды турау кезінде бактериялар жемістің жұмсағына да таралуы мүмкін.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидромет” 26-28 наурыз аралығында Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялады.

Amanat партиясы үгіт-насихат плакаттарын жинау акциясын бастады

Бүгін 20 мыңға жуық партия мүшесі, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен Amanat жақтастары үгіт материалдарын жинауға арналған ауқымды акцияға кірісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королімен сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен Хусейнмен сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыдан 360 шақырым жерде жер сілкінді

Сейсмологтар сағат 00:38-де Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 360 шақырым жерде Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандағы коронавирус статистикасы. 23 наурыз

Қазақстанда кейінгі тәулікте 23 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Астанада бірқатар жол жабылып, автобус бағыттары уақытша өзгертілді

«Нұрлы жол» вокзалындағы қоғамдық көлік аялдамасы жабылды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.