Алматыда коньки тебуді тегін үйренуге болады

Тәжірибелі нұсқаушылар сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін «Март» сауда орталығы  мен Дубок ықшам ауданындағы Центральная көшесі 8г-да орналасқан тегін мұз айдындарына келген коньки тебушілерді тегін үйретеді.

Ал мектеп оқушыларына арналған сабақтар 15 қаңтардан басталып, күніне 1 сағаттан аптасына бес күнге созылады. Керек жабдықтар қосымша тегін беріледі. Әр топта 10 баладан дайындалады. Өтетін орындары мен басталуы: «PIONEER» (біріңші ауысым 10:00-де және екінші ауысым 16:00-де), «Шымбұлақ» (10:00 және 16:00) және «Звездная поляна» (09:30-дан 17:30-ға дейін).

Айта кетейік, аталған жоба «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып отыр.