Ауа райының құбылуына байланысты жолдар жабылды

Павлодар мен Қарағанды облыстарында боранның салдарынан жолдың көрінбеуіне байланысты барлық жол бағыттары жабық және барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелген. Астана қаласынан шығатын бірнеше бағытта жол жабық.

Атап айтқанда, Астана Павлодар облысының шекарасы (Астана-Ерейментау-Шідерті бағытының 16-205 км), Астана -Нұра ауылы (Астана-Кабанбай батыр 16-51 км), Астана -Қорғалжын ауылы (Астана-Коргалжын бағытының 19-180 км), Астана-Нұра ауданы (Астана-Қабанбай батыр 16-51 км), Астана-Қарағанды облысының шекарасы (Екатеринбург-Алматы трассасының 1275-1353 км).