Павлодарда 1000-нан астам азамат «Бизнес-мектепте» білім алды

Кәсіпкерлікті оқыту экономиканың барлық салаларында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне бағытталған.

Бизнесін енді бастағалы жатқандар бастапқы кезеңде «Бизнес-Кеңесші» атты қысқа мерзімді кәсіпкерлік негіздерін меңгерген.

Оқу барысында әр бастауыш кәсіпкерге бизнесті жүргізудің негіздері бойынша материалдар, құжаттардың стандартты топтамасы, оның ішінде бизнес-жоспарлар, қаржы алуға қажетті құжаттардың үлгісі, маркетингттік зерттеулер нәтижелері, инновацияларды енгізу саласы бойынша халықаралық тәжірибе, шағын кәсіпкерлікті ашу бойынша идеялар анықтамалығы беріледі.

Жас ана Махаббат Омарова кәсіпкерлік оқудан кейін ұлттық тағамдар кафесін ашқан. Отбасын құрып, ана атанған соң да Махаббат сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдырған. Шеберлігін шыңдап, балкүлше пісіріп, шағын бизнесін жүргізіп келді.

2017 жылы «Бизнес-Кеңесші» бойынша 902 тыңдаушы оқудан өтті. «Бизнес-Өсу» курсына 130 адам қатысты, «Тәлімгерлік принципке негізделген жобалық оқуға» 70 адам қатысты. «Бизнес-Кеңесші» курсын тәмамдаған 60 тыңдаушы жеке кәсібін ашты. 62 адам 255 млн теңге сомасын құрайтын несие мен грант алды», – дейді ӨКП Кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әнел Жампейісова. 

Дереккөзatameken.kz