Жезқазған суы
©kazinform.kz

Санитарлық-химиялық зерттеу жүргізген топтың құрамында жеті адам – төрт химик-зертханашы, фельдшер- зертханашы, зертхана меңгерушісі мен «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының» басшысы Ерлан Қиясов бар.

«Сараптама нәтижесі санитарлық ереженің талаптарына сәйкес келмейді», – делінген тұжырымда.

Бұл мәлімдеме Жезқазған тұрғындарын таңқалдырған жоқ.

«Біз сарапшыларға өзімізге емес, шенеуніктерге дәлелдеу үшін жүгіндік. Себебі тұрғындар сараптамасыз-ақ судың жарамсыз екендігін біліп отыр», – деді жезқазғандық белсенді Берік Жағыпаров.

Еске салайық, Жезқазған тұрғындары орталық құбыр магистралінен келетін суық және ыстық судың сегіз үлгі сынамасын елордалық сарапшыларға жіберген еді. Әр шөлмек қаланың әртүрлі аудандарынан алынды. Сараптаманы жергілікті кәсіпкер қаржыландырса, тұрғындар сол шығынның орнын толтыру үшін бес мың теңгеден жинаған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!