Атырауда жылу бағасы 1,4% өсті

Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Болат Сүлеғалиевтың айтуынша, аталмыш тарифтер 2016-2020 жылдарға арнайы бекітілген.

«2015 жылы Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменттің бұйрығымен Атырау ЖЭО АҚ-ның жылу энергиясына қойылатын шектік деңгейлері бекітілген болатын. Ол тарифтер 2016-2020 жылдарға бекітілген. Бекітілген деңгейлерге сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жылудың тарифі жылу есептегішін қойған тұрғындар үшін 1 гкал бағасы 3752,97 теңгеден 4181,64 теңгеге дейін, есептегіш орнатпаған тұрғындар үшін 1 шаршы метр баспана үшін 126,47 теңгеден 128,24 теңгеге дейін көтерілді. Ал 1 текше метр суық суды жылыту құны 195,57 теңгеден 198,31 теңгеге дейін, яғни орташа 1,4%-ға өсті», — дейді Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Болат Сүлеғалиев.

Айта кетейік, тариф бағасы Атырау ТЕО-ның 2016-2020 жылдарға көзделген жалпы құны 1 млрд 18 млн теңге болатын инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруына байланысты өсіп отыр.

ДереккөзInform.kz