7 желтоқсанда “Алтын доп” иесі анықталады

Марапатты ұйымдастырушы «France Football» басылымы 7 желтоқсанда «Алтын доп» иегерін анықтайтынын жариялады.

Алтын доп
  •  1956 жылдан бастап France Football басылымы «Алтын доп» жүлдесін табыстап келеді.

• 2010-2015 жылдары «Алтын доп» марапаты «ФИФА жыл футболшысы» жүлдесімен біріккенімен, қайтадан жеке беріле бастады.

• 2008 жылдан бастап Лионель Месси мен Криштиану Роналду кезек-кезек әлемнің үздік футболшысы атанды.

Аргентиналық бұл жүлдені 5 рет жеңсе, португалдық төрт мәрте иеленді.

«Алтын доп» иесі атануға әлемнің үздік 30 футболшы үміткерлік етіп отыр:

Бірінші бестік: Неймар («ПСЖ», Бразилия), Лука Модрич («Реал», Хорватия), Пауло Дибала («Ювентус», Аргентина), Марсело («Реал», Бразилия), Н’Голо Канте («Челси», Франция)

Екінші бестік: Луис Суарес («Барселона», Уругвай), Серхио Рамос («Реал», Испания), Ян Облак («Атлетико», Словения), Филиппе Коутиньо («Ливерпуль», Бразилия), Дрис Мертенс («Наполи», Бельгия)

Үшінші бестік: Кевин де Брёйне ( «Манчестер Сити», Бельгия), Роберт Левандовский («Бавария»), Давид де Хеа («МЮ», Испания), Харри Кейн («Тоттенхэм», Англия), Эдин Джеко («Рома», Босния және Герцеговина)

Төртінші бестік: Антуан Гризманн («Атлетико», Франция), Тони Кроос («Реал», Германия) , Джанлуиджи Буффон («Ювентус», Италия), Садио Мане («Ливерпуль», Сенегал), Радамеля Фалькао («Монако», Колумбия).

Соңғы бестік: Лионель Месси («Барселона», Аргентина), Пьер-Эмерик Обамеянг («Боруссия» Дортмунд, Габон), Эдинсон Кавани («ПСЖ», Уругвай), Матс Хуммельс («Бавария», Германия), Карим Бензема («Реал», Франция)
Криштиану Роналду («Реал», Португалия), Эден Азар («Челси», Бельгия), Леонардо Бонуччи («Милан», Италия), Иско («Реал», Испания), Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция).