Қайрат Түнтеков I am a singer байқауының жеңімпазы атанды

Әншінің байқауда жеңімпаз атанғанын бағдарламаның музыкалық продюсері Алуа Қонарова Instagram парақшасында бөлісті.

Финалда Қайрат Түнтеков әнші Маржан Арапбаевамен Майкл Джексонның Earth Song әнін орындады.

Бірінші орынды Қайрат Түнтеков, екінші орынды Доллар Вонг, үшінші орынды Жанғали Әбішев алды.

Еске салсақ, бағдарламаның қытайлық нұсқасында Димаш Құдайбергенов әлемдік деңгейдегі танымалдылыққа ие болған еді.