31 желтоқсан күні ЭКСПО мұз қалашығында эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

Көпшілікке Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер, Дос, Күләйым Қайырбаева, Альбина Оганесян, «АРТ Домбыра» триосы шоу-бағдарлама мен концерт әзірледі.

Сондай-ақ, «Қызыл өрік» және «Мария Магдалена» хиттерін орындаушылар — Ақылбек Жеменей мен Асхат Тарғынов та жаңажылдық түнді елорда тұрғындарымен және қонақтарымен өткізеді.

Жаңа жыл түні шараға қатысушылар мерекелік отшашу тамашалайды. 2018 жылды қарсы алуға орайластырылған салют елорданың үш ауданында атылады. Отшашу ЭКСПО аумағы, Есілдің жағалауы және Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының бойында өтеді.