Алайда 2014 жылғы әлем чемпионы — Назым Қызайбайдың олимпиададан үміті осымен үзілмейді. Енді ол мамырда Астанада өтетін әлем чемпионатында жолдама алуға тырысады.
Ал Қытайдағы іріктеу жарысына қатысып жатқан қазақстандық басқа да боксшылар — Абылайхан Жүсіпов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Дариға Шәкімова (75 кг) және Назым Ишанова (60 кг) алғашқы қарсыластарын жеңіп, 2-кезеңге шықты. Қытайдағы іріктеу жарысы 2 сәуір күні аяқталады. Әр салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікке енген боксшылар олимпиадаға жолдама алады.
Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Біржан Жақып, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов және Василий Левитте олимпиада жолдамасы бар.