Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді. Кей жерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.