Келесі жылдан бастап Қазақстан «Еуровижн» ән байқауына қатысады

«31-арнаның» өтінішін Еуропалық таратылым одағы қабылдады. Енді Қазақстан өз әншісін «Еуровижн» ән байқауына қатыстыру мүмкіндігіне ие. Айта кетейік, республикадағы мемлекеттік телеарналар мұндай өтініш жасай алмайды.

«Біз үлкен «Еуровижн» байқауына 2018 жылы мамыр айында әншілерді сынақ турына қатысуға алып барамыз, ал 2019 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, үлкен «Еуровижнге» қатысамыз. Іріктеу үшін кастинг жарияланады», — дейді 31-арна бас директоры Бағдат Қожақметов.

Еске салайық, «Еуровижн» байқауына телеарнасы Еуропалық хабар тарату одағына кіретін телеарнасы бар елдер қатыса алады. Байқау келесі жолы Португалияда өтеді. Оған 43 ел қатысуға ниет білдірген.

ДереккөзCentralasian.org