Басты бетЖаңалықтарСымбатты болудың...

Сымбатты болудың құпиясы неде?

Мамандар АҚШ-тың Денсаулықты тексеру және тамақтану бағдарламасы аясында 2011-2014 жылдар аралығындағы деректерге талдау жасады. Сонда ең кедей категорияға жататын әйелдердің 45,2 пайызы артық салмақтан зардап шегетін болып шықты. Орташа кластағы әйелдердің 42,9 пайызы осындай дертке душар. Ал, жақсы жалақы алатын әйелдердің арасында 29,7 пайызының ғана артық салмағы бар.

Сондай-ақ, білімі өте төмен категорияға жататын әйелдерде де май басу қаупі жоғары екені анықталды. Бірақ бұл болжамға ешкім түсініктеме бере алмады. Тек ғалымдар білім деңгейін өз денсаулығына күтімнің маңыздылығын түсінбеумен байланыстырады.

Дереккөзbaq.kz