«Менікі дұрыс болмаған шығар»: Атамбаев өзінің Қазақстан жайында айтқан ойына пікір білдірді

Бішкектегі Ала-Арча резиденциясында үздік студенттерге президент стипендиясын табыстау салтанатында сөйлеген Атамбаев «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы артық айтып жібергенін мәлімдеді.

Атамбаев қырғыз-қазақ шекарасында қалыптасқан ахуалға байланысты пікір білдіріп, қырғыз өнімін өткізетін басқа да жолдар іздестіру керектігін айтты.

«Бүгін қырғыз-қазақ шекарасындағы проблеманы көріп отырмыз. Кейбіреулер Қырғызстаннан шығатын барлық транспорт жолдары Қазақстан арқылы ғана өтетінін айтады. Бұл дұрыс емес. Бізді жарықтан, газдан қалай ажыратып тастағаны есімде. Бірақ қазір біздің Өзбекстанмен, Қытаймен және Тәжікстанмен де қарым-қатынасымыз жақсы. Әрине, біздің өнімімізді өткізетін басқа жолдар іздеуіміз керек» деді Атамбаев.

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында 10 қазаннан бері тексеру күшейтіліп, Қазақстанға өтетін адамдар мен көліктер кезегі пайда болған. Шекарадан әрең өткендердің біразы мұны Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қазанның басында Қазақстан билігінің атына сын айтқан сынымен байланыстырады.

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 7 қазанда Бішкекте президенттік сайлауға қатысып жатқан жекелеген үміткерлермен бірге бірге Қазақстан билігін сынады.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 17 қазанда шекарадағы жағдай әлі оңалмады.

ДереккөзCentralasin.org