Аршалы ауданында Жаңа Жылға орай сауық кеші өтті

Мерекелік шараға Аршалы ауданының селолық округтерінен, атап айтқанда, Түрген, Анар, Михайловка, Волгодоновка және аудан орталығындағы №1,2,3 мектептер мен №4 агротехникалық колледжден барлығы 14 жұп қатысты.

Кешкі көйлектердегі әдемі жұптар көрермендер мен әділ қазылар алқасына сұлулық пен грация-полонез билері мен вальс ұсынды. Сондай-ақ, агротехникалық колледжден келген Кристина Аптыкаева, Карина Тимофеева, Никита Суконщиков, Иван Горбунов және Михайловск елді-мекенінің үміткерлері Татьяна Климкова мен Алексей Андрейцевтардың жұптары көтеріңкі би самбо-румбоны билеген.

Жаңа Жыл  сауық кеші
©Өңірлік баспасөз

Айта кету керек, жұптар «Грация», «Көрермендер көзайымы», «Әдемі жұп», «Шығармашылық жұп», «Нәзік жұп», «Оскар жұбы» және «Жұлдызды жұп» сынды номинациялар бойынша анықталды. Ал мерекелік шараның королі мен ханшайымы №3 Аршалы орта мектебінің ұстаздары Нұрсұлтан Қойшыбай мен Раушан Бабақаева атанды.

Шара барысында аудан әкімі Азамат Тайжановтың атынан орынбасары Асылбек Баяжұма жас мамандарға, хореографтарға, қатысушыларға ауданның мәдени дамуына үлес қосқандары үшін алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарды табыстады.