«Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ Елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті

Iс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында Тәуелсiз Қазақстанның бүгiнгi келбетi мен мемлекеттiң негiзi болып табылатын алғашқы саяси Алаш партиясы мен «Алаш Орда» үкiметiнiң арыстарына тарихи баға беру, жас ұрпақты патриоттық-тағылымдық тәрбиеге баулитын, қазақ тарихындағы қалдырған iзi зор қайраткер тұлғалардың ерен еңбектерiн жырлау,сондай-ақ рухани ұлттық мұралар мен елдiк-ерлiк құндылықтарды ұлықтау болып табылады.

Мүшәйраға 16 жастан жоғары ақындар қатыса алу мүмкiншiлiгiне ие болды. Басты шарты бойынша әрбiр қатысушы бұрын еш жерде жарияланбаған тәуелсiздiкке арнайы бiр өлеңiн тапсыруы тиiс болып, шығарма көлемiне шек қойылмады.

Бiлiктi мамандардан құралған әдiл-қазылар алқасының шешiмiмен, мүшәйра нәтижесi бойынша орындар келесiдей анықталды: Бас жүлдеге Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң студентi — Нысанбек Күләш ие болса, I орынды Көкен Шәкейұлы атындағы ақындар мектебiнiң шәкiртi — Ұғылан Қарашаш, II орынды «Бурабай» колледжiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi — Қайырболды Серғазы, III орынды Көкен Шәкейұлы атындағы Көкшетау ақындар мектебiнiң шәкiртi — Самат Думан жеңiп алды. Барлық қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.