Гитлердің лимузині сатылымға қойылғалы жатыр

Германия тізе бүккеннен кейін лимузин америкалық әсерилердің қолында қалып қойып, оны 1945 жылы АҚШ-қа алып келеді. Машина иелерінің арасында Лас-Вегастағы Imperial Palace казиносының иесі де болған. Лимузин Чикагодағы музейге де қойылған.

Автокөліктің 7,7 литрлік және сегіз цилиндрлі қозғалтқышы бар. Сонымен қатар лимузин жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетуі мүмкін.

Бұл көлік арнайы фюрер мен оның көлік жүргізушісінің қалауы бойынша құрастырылған.

Дереккөзbaq.kz