Назым Қызайбай 5 дүркін әлем чемпионымен Олимпиада жолдамасына таласады

Назым Қызайбай 5 дүркін әлем чемпионымен Олимпиада жолдамасына таласады

52 келіде сынға түсетін Олжас Сәттібаевтың алғашқы қарсыласы — Азия чемпионы, қырғызстандық Азат Үсенәлиев.

56 келідегі Қайрат Ерәлиев Тайбэй спортшысы Ченг Лин-Линмен кездеседі.

64 келідегі Абылайхан Жүсіпов үндістандық Кумар Маномен жұдырықтасады.

Рейтингте жоғары орында тұрған үш боксшымыз бәсекені екінші айналымнан бастайды. Атап айтар болсақ, 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы Макото Такахаши (Жапония) – Ча-Вей Кан (Тайбэй) жұбының жеңімпазымен, 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов Хегён Янг (Оңтүстік  Корея) – Сумит Сангван (Үндістан) жұбының жеңімпазымен, аса ауыр салмақтағы Иван Дычко  Джозеф Годалл (Австралия) – Патрик Малата (Жаңа Зеландия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Назым Қызайбай 5 дүркін әлем чемпионымен Олимпиада жолдамасына таласады

Олимпиадалық салмақты өнер көрсететін Дариға Шәкімова (75 келі) Оңтүстік Корея спортшысымен, Назым Ищанова Тонго корольдігінің өкілімен жекпе-жекке шығады. Ал Назым Қызайбайға ең қиын қарсылас тап болды. Назым алғашқы кездесуінде-ақ 5 дүркін әлем чемпионы, үнді қызы Мэри Комға қарсы шаршы алаңға шығады.

Еске сала кетейік, Қазақстан боксшыларында әзірге 4 жолдама бар. Ал бокстағы жолдаманың барлығын иеленген жалғыз құрама — Куба.