Басты бетНью-Йоркте Қазақстан...

Нью-Йоркте Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығы тойланды

Биыл Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі құрамындағы жұмысының алғашқы жылы аяқталуға жақын. Ал бірнеше күннен кейін еліміз әлемдік қауымдастыққа төрағалық ететін болады. Салтанатты рәсімге жиылған қонақтар Қазақстанға сәттілік тілеп, Елбасының жаһандық бастамалары үшін алғыс айтты.

Шарада фотокөрме ұйымдастырылып, «Қорқыт» этнографиялық ансамблінің концерті өтті. Сахнада танымал қазақ композиторларының туындылары мен күй-термелері орындалды.

«Мен елдеріңіздің Тәуелсіздік күнін алғаш рет атап өтіп отырғам жоқ. Астанаға арнайы барып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескенмін. Қазақстанда түрлі этникалық және діни топтар тату-тәтті тұрады. Халқыңызға тыныштық мен бақыт тілеймін! Елдеріңіз өсіп-өркендей берсін!»- деп лебізін білдірді раввин Артур Шнайер.

Дереккөз24.kz