Басты бетЖаңалықтарБанк картасын...

Банк картасын ұрлатып алғанда не істеу керек?

№1 Бірден бұғаттаңыз!

Банк картаңыз қолды болса, бірден бұғаттаңыз. Осылайша, ұрлықтың алдын ала аласыз. Картаңызды интернет-банкинг немесе колл-центрға хабарласып, яки мобильді қосымшаңыз (бар болған жағдайда) арқылы бұғаттай аласыз.

№2 Картаңызды таппаған жағдайда

Егер карточкаңызды нақты ұрлатып алғаныңызға сенімді болмасаңыз, үйде немесе жұмысыңызда жоғалтып алған болсаңыз, бұғаттауға асықпаңыз. Кейбір банктер бұғатталған картаны қайтадан іске қоспайды. Ол үшін жаңа карта алуыңыз керек болуы мүмкін. Жаңа карта жасату әдетте ақылы екенін білетін де шығарсыз.

№3 Ақша шұғыл қажет, бірақ карточка бұғатталған болса не істеу керек?

Мұндай жағдайлар шетелде немесе өзіңіздің мекеніңізде емес жерде орын алса, шынымен қиын болуы ғажап емес. Ол үшін жақындарыңыздан, достарыңыздан көмек сұрауыңызға тура келеді. Сіздің жағдайыңызда ең тиімдісі ақша аударып жіберуі болуы мүмкін. Айта кетейік, қазіргі уақытта «Золотая Корона», «Western Union»«MoneyGram» аударылымдары қолданушылар арасында танымалдылыққа ие.

Есте сақтаңыз, қауіпсіздік үшін банк картаңызға интернет-банкингтің 3D-Secure қызметін пайдалану өте тиімді. Өйткені қазіргі уақытта пин-кодты сұраймайтын төлемдер бар. Мұндай жағдайда картаның өзі немесе номерлері болса жеткілікті. Сол себепті картаңызды өзіңізден басқа адам қолдана алмайтындай қауіпсіздік орнатуға кеңес береміз.