Ең қымбат пәтер Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысындағы «Нұр Төбе» клубтық тұрғын үй кешенінде орналасқан. Жалпы аумағы 482 шаршы метрді құрайтын алты бөлмелі үйдің сайтта көрсетілген құны 1,2 млрд теңгені құрайды, бұл доллармен алғанда $3,5 миллионға тең. Бір шаршы метрінің бағасы – 2,5 млн теңге ($7,2 мың). Пәтерде жиһаз қойылмаған. Көрсетілген бағаға жерасты паркингіндегі екі орын кіреді.
Тізім бойынша екінші орындағы пәтер де Оспанов көшесінде орналасқан. Алты бөлмесі, төрт жуыну-дәрет алу орны бар және эксклюзив түрде жөндеуден өткен үйді «Арман Вил» ТҮК-інен алуға болады, бағасы – 938 125 000 теңге ($2,76 млн). Ұсынылып отырған пәтердің аумағы – 430 шаршы метр. Бір шаршы метрінің құны – 2,2 млн теңге ($6,4 мың).
Рейтингтегі үшінші орынға Медеу ауданында орналасқан тағы бір алты бөлмелі пентхаус ие болды. Тұрғын үй-жайының аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Бұған қоса әрқайсысы 200 шаршы метр жерді алып жатқан әйнекпен жабылған және ашық түрдегі екі террасасы бар. Үй иелері үшін жеке лифт қарастырылған. Пәтер құны – 825 млн теңге ($2,4 млн). Террасаларды есептегенде пентхаустың бір шаршы метрінің бағасы сатып алушы үшін 1,2 млн теңгеге ($3,5 мың) түседі.
Төртінші орыннан Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысындағы «Нұр Төбе» клубтық тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерді көруге болады. Жалпы аумағы 331 шаршы метрді құрайтын төрт бөлмелі үйдің сайтта көрсетілген бағасы 806 812 500 теңге, бұл долларға шаққанда $2,3 миллионды құрайды. Бір шаршы метрінің құны – 2,5 млн тенге ($7,2 мың). Пәтерде жиһаз қойылмаған. Көрсетілген бағаға жерасты паркингіндегі екі орын кіреді.
Бестіктегі соңғы орынға «Жайлау» ТҮК-індегі жеті бөлмелі үй ие болды. Жалпы аумағы 410 шаршы метрге тең пәтердің бағасы 738 млн теңге, доллармен алғанда бұл көрсеткіш шамамен $2,2 миллионға тең. Үй бағасына жерасты паркингіндегі екі орын кіреді. Пәтер қосымша жөндеуді қажет етеді.