Астанада 30 маманға «Жыл патриоты» құрмет белгісі табысталды

Салтанатты жиынға еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам делегат қатысты. «Туған жер! Туған тіл! Туған ел!» патриоттар форумы аясында 30 маманға  «Жыл патриоты» құрмет белгісі табысталды. Үздіктер  «Туған жерім – ғұмырым», «Туған тілім – тұғырым», «Туған елім – қыдырым» деген атауға ие үш номинация бойынша анықталды.

Форумға қатысушы Мартагүл Қанатованың айтуынша, мұндай шаралар елге қызмет етіп жүрген жандардың басқосуы ретінде өтіп жатыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің, ұлтымыздың құндылықтарын арттыру мақсатында барлық өңірде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сапалы қызмет етіп жүрген азаматтардың бірегей басқосуы деп есептеймін», — дейді ол.

Дереккөз24.kz