Алдағы күндері аяз күшейеді

«Әсіресе солтүстік және орталық өңірлерде сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал еліміз бойынша күн  райы қалыпты нормадан 2-5 градус төмен болады», -дейді синоптиктер.

Болжам бойынша, кей жерлерді қалың тұман басады. Бірақ, жауын-шашын болмайды. Күннің күрт салқындауы мереке күндері де сақталады.

«Қазақстанның ауа райына суық антициклон әсер етеді. Сондықтан да жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман сақталады. Ауаның температурасы климаттық нормадан 2-5 градус төмен болады»,- Айгүл Алданбергенова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі.

Дереккөз24.kz