Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Атыраулық кәсіпкер өз ауылдастарына 87 млн теңгеге спорт кешенін салып берді

Спорт кешенінің құрылысына ол өз қаржысы есебінен 87 млн теңге жұмсады. Жалпы алаңы — 807 шаршы метр. Мұнда ерлер мен әйелдерге арналған душ, киім ауыстыруға арналған шкафтар, медициналық пункт жұмыс жасайды. Спортпен шұғылдану үшін тренажер құралдары, стол теннисі, баскетбол, волейбол ойындарына арналған залдарбар. Құрал-жабдықтарды шетелден жеткізді.

— Кешенді өзімізді бағып өсіріп, тәлім-тәрбиесін берген марқұм, асыл әжем Ырыс атымен атауды ұйғардым. Бүгінде кешен өз жұмысын бастап кетті. Балалар дән риза, — дейді кәсіпкер Достанов.

Алдағы уақытта ол енді мәдениет үйін тұрғызып, ауылды көгалдандыруды жоспарлап отыр.

Мақалаға реакция

1 Пікір

  1. Ф
    файзулла 10 жыл бұрын
    Туған жерінің Нағыз азаматы екен . осындай жігіттер көп болсын!