Көкшетауда еуроэкологиялық талаптарға сай автобустар сыналуда

Алғашқы сынақ автобусына қала әкімі Ермек Мыржықпаев, әкімдік қызметкерлері, қалалық мәслихаттың депутаттары тексеріп көрді.

Қала әкімдігінің айтуынша, аталмыш автобустар қаладағы №1, №10 және №16 бағыттарда бір апта бойы жолаушыларға қызмет көрсететін болады. Осы аралықта жолаушылар тегін тасымалданбақ. Бұл жоба қалалық әкімдіктің «Көкшетау қаласында жолаушылар көлігін жаңғырту» жобасы шеңберінде қолға алынып отыр. Аталмыш жоба бойынша қолданыстағы автобустардың 40-50 пайызын, яғни, тозығы жеткен көліктерді ауыстыру қарастырылған.

Ермек Мыржықпаев автобус

Жаңа көліктер «Еуро-5» талабына сай метан газымен от алады, сондай-ақ, бейнебақылау, кондиционер, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Оған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те бар.

Қала әкімі Ермек Мыржықпаев сынақ мерзімі өткен соң ғана бұл автобустардың Көкшетау тұрғындарына қызмет көрсетуге жарайтын-жарамайтыны анықталатынын айтуда.