Ақмола облысы Ұлттық спорт түрлерінен «Алтын тұғыр» сыйлығына ие болды

Жылдан жылға ауқымы кеңейіп бара жатқан салтанат биыл 5-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бас демеуші ретінде «Самұрық Қазына Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры қаржыландырса, негізгі қолдаушы Мәдениет және спорт министрлігі.

Салтанатты шараға Ұлттық спорт федерациясының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Крол, Қазақстандағы Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык, Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата қатысқан.

Марапаттау рәсімінде үздік деп танылған облыстардың қатарында Ақмола өңірі де табылып, облыс атынан аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырәлімоваға алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері көкпар ойынының үздіктерін де ерекше атап өтіп, оларға да жеке-жеке марапат жасады. Қазақстан құрама команда ойыншылары түгелдей «Қазақстанның спорт шебері» атанды.

Атап өту керек, Ақмола облысының көкпардан бас жаттықтырушысы Ерғали Тоқабаев та алғыс хатпен табысталды.

Бұдан бөлек, Үздік жамбы атушы, Жамбы ату спорты бойынша төреші, Үздік қазақ күресінің балуаны, Үздік теңге ілу ойыншысы, Үздік бүркітші сияқты тағы да басқа спорт түрлерінің кіл мықтылары анықталды.